Әлеумет

23 жастағы суретші қызды 18 жастағы інісі өлтірді деген күдікпен ұсталды

Әзербайжан астанасы Бакуде 23 жастағы суретші Гюляра Мехдиеваның өліміне қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатыр. Қызды өлтірді деген күдікпен оның 18 жастағы туған інісі Айхан Мехдиев ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға әлеуметтік желідегі фотосуреттер себеп болған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Oxu.Az басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 16 қарашада сағат 14:30 шамасында Бакудің Бинагади ауданындағы пәтерлердің бірінде болған. Сол уақытта үйде ата-анасы болмаған.

Алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, сабақтан келген Айхан әпкесінің әлеуметтік желідегі суреттеріне және оларға бейтаныс ер адамдардың қалдырған пікірлеріне наразылық білдірген. Ол Гюлярадан фотосуреттерін өшіруді талап еткен. Алайда қыз оның талабын орындамаған. Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал туындаған.

Күдікті әпкесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Ауыр жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Полиция Айхан Мехдиеваны ұстады. Жауап алу кезінде ол әрекетін қызғанышпен түсіндірген.

Басылымның мәліметінше, Гюляра 2003 жылы дүниеге келген. Ол үш жасқа толғанда ата-анасы ажырасып, қыз әкесімен бірге қалған. 2007 жылы әкесі екінші рет үйленіп, кейін тағы төрт балалы болған. 2008 жылы дүниеге келген Айхан – сол некеден туған алғашқы бала.

Әпкелі-інілі екеуі бір шаңырақ астында тұрған. Айхан Әзербайжан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясының екінші курсында оқыған. Ал Гюляра жас суретші ретінде танылған.