ШҚО-да мерзімді қызметтегі әскери қызметші өзіне қол салды
7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қайтыс болды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі – суицид", – делінген ҰҚК Шекара қызметі хабарламасында.
Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.