Әлеумет

"Видеомен түрін көрсеткен": полицияда 18-дегі екі қыз жылап отыр

Заңгер Ләззат Рақышева өзі куә болған жайтты баяндады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Алматыдағы бір ауданның полиция департаментіне жұмыспен бардым,сол жерде астары 18-дегі 2 қыз жылап отыр екен. Жүрегім ауырып кетті, зорланған ба деген жаман ой келді, ақырын құшақтап жұбатып “не болды, қорықпай айта ғой “ дедім. Сөйтсем қыздар интернет арқылы 40000 теңге тұратын видео камера алған, соны жеткізу үшін курьер шақырған, ол курьер қыздарға “түріңізді видео арқылы көрсетіңіз, мүмкін сіз товардың иесі емес шығарсыз, алаяқ шығарсыз” деген. Содан аңқау студент қыз түрін көрсетеді, біраздан кейін каспийдағы бүкіл ақшасын алаяқ шешіп алады, онымен қоймай микрозайм арқылы бұл қыздың атынан несие алып тастайды.Таңға дейін 500 000 теңге несие алынады, түсте полицияға арыз жазып болғанша тағы 1000 000 теңге несие алып тастаған алаяқтар. Жалпы 1500.000 теңге несие алған қыздың түрін көрсетіп.

PS: Осы жағдайдан кейін жастарға , студенттерге айтарым :”ешқашан телефон арқылы түріңізді көрсетіп видео жібермеңіз танымайтын адамдарға“. Қазір алаяқтар қаптап кетті", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ракишева Ляззат (@lyazzat_rakisheva)