Әлеумет

Журналистердің әлеуметтік желідегі парақшаларын мемлекет бұғаттап жатыр ма? Министрдің жауабы

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев журналистердің Facebook пен Instagram желілеріндегі парақшаларының бұғатталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік желідегі аккаунттарды бұғаттау туралы шешімді платформалардың әкімшілігі өздері қабылдайды. Мемлекеттік органдар пайдаланушылардың парақшаларын өз бетінше бұғаттай алмайды.

Арман Қырықбаев журналистердің аккаунттарын мемлекет немесе квазимемлекеттік ұйымдардың әдейі бұғаттатқаны туралы расталған дерек жоқ екенін атап өтті.

Сонымен қатар министр кейбір парақшалардың бұғатталуына авторлық құқықтың бұзылғаны туралы шағымдар себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Ол мұндай жағдайға тап болған журналистерге полицияға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне немесе прокуратураға жүгінуге кеңес берді. Сондай-ақ министрлік тарапынан қажетті құқықтық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.