Саясат

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа басшы тағайындады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Шәлекеновті Қауіпсіздік кеңесі аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Болатұлы Шәлекенов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.

Бауыржан Шәлекеновтің бұған дейін қандай қызмет атқарғаны туралы ресми хабарламада ақпарат берілмеген.

Айта кетейік, бүгін, 16 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығында да кадрлық өзгеріс болды. Президент Ермек Сағымбаевты қызметінен босатып, оның орнына Марат Ирменовті тағайындады.

Кейін Мемлекет басшысы ҰҚК басшылығымен жиын өткізіп, ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысын реформалау, кадр іріктеу жүйесін жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөнінде тапсырмалар берді.