Әлеумет

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталған сәтінен видео тарады

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Орыншиевтің ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған соң олардың ұсталған сәті бейнеленген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі басшының ұсталғанын растаған болатын. Ведомство мәліметінше, оларға пара алуға оқталу дерегі бойынша күдік келтірілген.

Қазір екеуі де уақытша ұстау изоляторында отыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҰҚК тергеу құпиясына байланысты өзге мәліметтерді жарияламады.

Айта кейейік, бұған дейін «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталған белгілі болған еді.