Әлеумет

Қар жауып, жолдар тайғақ болады: 12 облыста ескерту жарияланды

Қазақстанның 12 облысында қар жауып, жолдар тайғақ болады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"ҚазАвтоЖол" АҚ хабарлауынша, 11 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі.

"Атап айтқанда, Ақмола, Абай, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жетісу, Павлодар, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райы қолайсыз болады", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жолдың беті тайғақ болуы мүмкін.

Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауға және күрт маневр жасамауға кеңес берілді.