«Әрдайым қамқор боламын деуші еді»: дизайнер Аида Кауменованың отбасы қара жамылды
Қазақстандық дизайнер Аида Кауменова отбасында ауыр қайғы болғанын хабарлады. Өнер иесі әкесінің өмірден өткенін айтып, әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Дизайнер әкесінің әрдайым өзіне қолдау көрсетіп, шығармашылық жолын таңдауға жігер бергенін еске алды.
«Әкем өмір бойы менің қабілетіме сеніп, қолдап өтті. Ол өзі әкесіз өскендіктен, бізге әрдайым жанынан табылып, қамқор болуды өзінің міндеті санады. Маған үнемі: “Қызым, мен әкесіз өстім. Сондықтан сендердің қастарыңда болып, әрдайым қамқорлық жасаймын” деп айтатын», – деп жазды Аида Кауменова Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Аиданың дизайнерлік мамандықты таңдауына да әкесі ықпал еткен. Ол қызына Алматы технологиялық университетінде дизайнер-модельер мамандығы бойынша білім алуға кеңес берген.
Жазбаның астына желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері көңіл айтып, отбасына қайғыра көңіл білдірген.