Әлеумет

Жаңа жылды тойлау күні "ауыстырылды"

2027 жылдың алғашқы күндері қазақстандықтар үшін демалысқа қолайлы болмақ. Жаңа жыл мерекесі жұмаға сәйкес келеді. Ал 2 қаңтар сенбіге түсетіндіктен, демалыс күні 4 қаңтарға, дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар 1-4 қаңтар аралығында қатарынан төрт күн демалады.

Алайда одан кейін жұмыс аптасы басталады. 5 және 6 қаңтар, сейсенбі мен сәрсенбі – жұмыс күндері.

Ал 7 қаңтар, бейсенбіде православиелік Рождество мерекесіне орай қазақстандықтар тағы да демалады. 8 қаңтар, жұма күні жұмысқа шығуға тура келеді. Одан кейін 9 және 10 қаңтар – әдеттегі сенбі-жексенбі демалысы.

Айта кетейік, 2027 жылғы қаңтарда бес күндік жұмыс аптасымен істейтіндер екі рет қатарынан демалыс күндерін пайдалана алады: 1–4 қаңтар және 7 қаңтардан кейінгі 9–10 қаңтар аралығы (8 қаңтар – жұмыс күні)