«Ұстаздар, ғалымдар, музыканттар»: Тоқаев 14 қазақстандықты марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Марапаттау туралы Жарлыққа 2026 жылғы 10 қарашада қол қойылды.
Атап айтқанда, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Шерубай Құрманбайұлына берілді.
«Ел бірлігі» орденімен:
- Сауытбек Абдрахманов – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен:
Эльдана Габерман – Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің солисі;
Анна Данченко – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы;
Жамал Манкеева – А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері;
Қыздархан Рысберген – А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
Максим Кузнецов – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Кустовое негізгі мектебінің мұғалімі;
Бекзада Әбілқасымов – «Bilim Group» компаниялар тобының бас заңгері;
Ержан Әубәкіров – «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорының президенті;
Анар Құрманжан – «BMG UpSkill» компаниясының жоба жетекшісі.
«Шапағат» медалімен:
Евгений Кравчук – Жамбыл облысы Байзақ ауданы Юрий Гагарин атындағы орта мектептің мұғалімі;
Юлия Лагуткина – қазақ тілі пәнінің оқытушысы;
Анель Пимичева – «Qostanai TV» телеарнасының редакторы;
Александр Фролов – музыкант, әнші.