Елордада бір тәулікте 100-ден астам жол апаты болды
Астанада тәулік ішінде 100-ден аса жол апаты болды,
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен,
Өткен тәулікте елордада 110 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өтетін жерде жылдамдықты алдын ала төмендетуді сұраймыз, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ полицейлер жаяу жүргіншілерді де абай болуға шақырып отыр.
"Жолдан өткен кезде көліктердің тоқтағанын күтіңіз. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау, өміріңізді сақтаудың кепілі", - дейді полиция департаментінен.