Аймақ

Қар, көктайғақ: синоптиктер ескерту жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде 10 қарашада ауа райы күрт құбылады. Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, жолдар тайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанның бірқатар өңірінде 10 қарашада ауа райы күрт құбылады. Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, жолдар тайғақ болуы мүмкін

Метеорологтардың мәліметінше, республиканың бірнеше аймағында жауын-шашын күтіледі. Кей өңірлерде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Ал еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Ауа температурасы өңірлерге қарай өзгереді. Батыста күндіз +3…+12 градус, солтүстік-батыста 0…+8 градус болады.

Солтүстік, шығыс және орталық облыстарда ауа температурасы -3…+5 градус аралығында сақталады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күндіз +2…+10 градусқа дейін көтеріледі.

Осыған байланысты мамандар тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақырады. Әсіресе көктайғақ кезінде көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жолда мұқият болу ұсынылады.