Күйеу жігіт той үстінде есінен танып қайтыс болды
Мысырда үйлену тойы қайғылы жағдаймен аяқталды. 27 жастағы Кирилос Вади үйлену рәсімінен бірнеше сағат өткен соң көз жұмды. Оқиға Сохаг провинциясында болған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
The Daily Tribune басылымының мәліметінше, Кирилос қалыңдығымен бірге тойға дайындық кезінде бақытты күйде суретке түскен. Қалыңдық ақ көйлек киіп, алтын түсті кресттермен безендірілген жамылғы таққан. Ал күйеу жігіт қара костюм мен дәстүрлі оюлы шапан киген.
Бастапқыда мереке жоспар бойынша өткен. Алайда тойдың соңына қарай қонақтар күйеу жігіттің жағдайы нашарлағанын байқаған. Al Khaleej басылымының жазуынша, жақындары оның қатты шаршағанын әлеуметтік желіде жазған.
Рәсім аяқталған соң қонақтар банкет өтетін залға ауысуға дайындалған. Осы кезде қалыңдығымен бірге шығуға жиналған Кирилос кенеттен есінен танып қалған.
Жақындары оған алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, ер адамды шұғыл түрде ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, туыстарына той кезінде жігіттің жүрегі кенеттен тоқтауы мүмкін екені айтылған. Дегенмен, 27 жастағы Кирилос Вадидің өлімінің ресми себебі әзірге жарияланған жоқ.
Оның туған ауылы Әл-Қашадағы туыстары, достары мен көршілері жас жұбайлардың суреттерін жариялап, марқұмның отбасына көңіл айтып жатыр. Қуанышқа толы болуы тиіс күн жақындары үшін орны толмас қайғыға айналды.