Әлеумет

Танымал блогер Біржан Әшімнің отбасы қара жамылды

Танымал блогер Біржан Әшімнің әкесі, композитор әрі музыкант Сапарғали Әшім дүниеден өтті. Қаралы хабарды блогердің жары Диана Әлиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Диана Әлиева марқұмның отбасына жақын адам болғанын айтады.

«Сапарғали атамыз енді арамызда жоқ. Жанымызға қатты батып тұр. Сенгім келмейді. Өмірінің соңғы күндерінде де әзілдеп, үнемі көңілді жүретін. Өте адал, сыйлы адам еді. Бәрі оны жақсы көретін, құрметтейтін. Мені туған қызындай қабылдап, әрдайым қолдап, қорғап жүрді», – деп жазды ол.

Сапарғали Әшім өмірін музыка мен мәдениет саласына арнаған. Ол Құрманғазы атындағы консерваторияны тәмамдап, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі болған. Композитор бірқатар музыкалық шығарма жазып, Целиноград облыстық филармониясында өнер көрсеткен.