"Жүректі сыздатты": Руслан Өтепбай қаралы хабарды жеткізді
Атыраулық Аслан есімді азамат өмірден өтті. Оның қазасы туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды., деп хабарлайды buginmedia.kz.
Руслан Өтепбайдың айтуынша, Аслан көлігінің артқы терезесіне сіріңкемен оның портретін салып, көпшілікті таңғалдырған. Сол кезде журналист ерекше өнер иесімен жүздесіп, еңбегіне алғысын білдірген.
«Өкінішке қарай, кеше Асланның өмірден өткенін естіп, қатты қайғырдым. Жақында ғана күлімдеп, қол алысып тұрған азаматтың бүгін арамызда жоқ екеніне сену қиын… Адамның ғұмыры қамшының сабындай қысқа екен ғой…» – деп жазды Руслан Өтепбай.
Сондай-ақ журналист марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.