Әлеумет

"Суына ұйықтататын дәрі қосқан": әйел күйеуі мен құрбысының үстінен түсті

Психолог Ақмарал Орынбаеваға әйел құрбысының күйеуін тартып алу үшін сұмдық айлаға барғанын жазған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Хат авторының сөзінше, ол Салиманың күйеуін алғаш көргеннен-ақ ұнатып қалған. Ер адамның әйеліне деген қамқорлығы мен мейірімін көрген сайын қызғаныш сезімі күшейе түскен.

«Мейлі, құрбым болсын, екі баласы болсын, ол менікі болады деп шешім қабылдадым», – деп жазған әйел.

Ол мақсатына жету үшін Салиманың үйіне жиі барып, күйеуімен кездесу жолдарын іздеген. Бір күні тіпті құрбысына телефон соғып, біреулердің өзіне шабуыл жасағанын айтып, күйеуін көмекке шақырған.

Салима еш күмәнданбастан күйеуін жіберген. Ер адам әйелді алдын ала келісілген жігіттерден құтқарып, үйіне жеткізген.

Алайда, үйге келген соң әйел оның суына ұйықтататын дәрі қосқан. Ер адам қайтпақ болғанымен, орнынан тұра алмай қалған. Осы сәтті пайдаланған хат авторы оны төсекке жатқызып, киімін шешіп, суретке түсірген. Кейін суретті құрбысына жіберген.

Салима үйге келгенде күйеуі төсекте ұйықтап жатқан. Хат авторы осылайша құрбысының отбасын бұзуды көздегенін баяндаған.

"Ақыры ажырасты. Ол менікі болды. Бірақ екеуіміз бақытсызбыз", - деп жазған ол.