Шоу-Бизнес

"Талай сапарлас болып едім": Асхат Тарғын қаралы хабарды жеткізді

Танымал әнші Асхат Тарғын ақтөбелік өнерпаз Жәнібек Бекбосыновтың дүниеден өтуіне байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялады. Өнер иесі марқұммен бірге өткізген күндерін еске алып, оның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әншінің айтуынша, олар бірнеше жыл бойы араласып, Ақтөбеде өткен концерттерде бірге өнер көрсеткен. Сондай-ақ түрлі шығармашылық сапарларда да қатар жүрген.

«Жәнібек Бекбосынов, жерлесім, замандасым, талантты әнші Раббысына қайтты деген хабар естіп, көңілім түсіп отыр. Ақтөбеде талай концертте бірге жүріп едік, талай сапарлас болып едім. Алла жаныңды жәннатта шалқытсын! Өте жақсы жігіт еді. Отбасына қайғыра көңіл айтамын», – деп жазды Асхат Тарғын.

Өнер иесі марқұмның жарқын бейнесі мен адамгершілік қасиеттерін атап өтіп, жақындарына сабыр тіледі.