«150 миллион қарызға баттым»: Дариға Бадықованың күйеуі өткен өмірі туралы айтты
Актриса Дариға Бадықоваға үйленген актер Олжас Абай өміріндегі қиын кезеңдер мен қаржылық мәселелері туралы ашық айтты. Өнер иесі бір кездері 150 миллион теңгеге дейін қарызға батқанын мойындады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Актердің айтуынша, соңғы үш-төрт жылда өмірге деген көзқарасы өзгеріп, өзін қолға алған. Қазір ол болашағына нақты мақсат қойып, жинаған тәжірибесін өзгелермен бөлісуге ниетті.
«Олжас соңғы үш-төрт жылда ғана есін жинады. Олжас қайда бара жатқанын, не болып жатқанын білетін адам. Арманы биік, мақсаты асыл. Ендігі мақсат – қолынан келгенше осы білгенін, жинаған тәжірибесін өзгеге үйретіп, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйреніп, алға басу ғана», – деді актер.
Сондай-ақ Олжас Абай соңғы он жылда қаржылық қиындықтарға тап болғанын жасырмады. Оның сөзінше, қарызы 100-150 миллион теңгеге дейін жеткен. Алайда ол берешегінің барлығын өтеген.
«Қарыз болғанда, біразға дейін әкеттік. Шамамен 100-150 миллионға дейін болды. Олардың бәрін толықтай қайтардым. Бұл қаржылық құрдымға жатады. Құдайға шүкір, қазір қарызым жоқ. Өткен-кеткенге бармайық. Мен қазір басқа Олжаспын. Өткен шақ бітті. Қазіргі өмір қызығырақ», – деп ағынан жарылды Олжас Абай.
Айта кетейік, жуырда Олжас Абай мен актриса Дариға Бадықова шаңырақ көтеріп, дүркіретіп той өткізген еді.