Режиссер Ақан Сатаев ауруханаға түсіп қалды
Белгілі режиссер Ақан Сатаев әлеуметтік желідегі парақшасында Атырау қаласындағы кардиология орталығында жатқанын хабарлады. Ол денсаулығына байланысты жағдайдың мән-жайын кейінірек айтатынын жеткізді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Актердің айтуынша, жақын арада емдеу мекемесінен шығып, «Қан мен серт» фильмінің түсірілім жұмыстарына қайта оралуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ ол Атыраудағы кардиология орталығының дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.
«Осы тамаша кардиология орталығының барлық дәрігерлеріне, қызметкерлеріне және басшылығына жоғары кәсібиліктеріңіз бен науқастарға деген ерекше қамқорлықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді!» – деп жазды ол.