Шоу-Бизнес

«Дариға мені құтқарды»: Олжас Абай өміріндегі қиын кезең туралы айтты

Актер әрі продюсер Олжас Абай өміріндегі қиын кезеңде өзіне қолдау көрсетіп, тығырықтан шығуына себеп болған адамдардың бірі қазіргі жары Дариға Бадықова екенін айтты. Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Сұхбат барысында өнер иесі өміріндегі ауыр сәттерді еске алып, адам өзін құтқаруға мүмкіндік бермейінше, өзгелердің көмегі де жеткіліксіз болуы мүмкін екенін айтты.

«Сен рұқсат бермейінше, сені құтқара алмайды. Ақ жалауды көтермейінше, сені отқа да сала береді, аяғы бітпейді. Аяғы өліммен бітетін дүниелер ғой көбісі. Уақыты келіп, межесіне жеткенде ақ жалауды көтересің. Бірінші Құдайдан сұрайсың. Одан кейін себеп болған қасымдағы адамдар десем болады. Оның бірі емес бірегейі Дариға десем болады», – деді Олжас Абай.

Сонымен қатар актер сұхбатта отбасылық қарым-қатынасы, шығармашылық жолы, халықтың өзіне қатысты жағымды және жағымсыз пікірлері мен қазіргі атқарып жүрген жұмыстары туралы да әңгімеледі.