Әлеумет

Жетісу облысында 11 жастағы қыз қайғылы жағдайды қаза тапты

Жетісу облысының Текелі қаласында жол апатынан 11 жастағы мектеп оқушысы көз жұмды. Қыз жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда экскаватордың астына түскен, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оқиғаға қатысы бар Volvo маркалы экскаватордың жүргізушісі ұсталып, қамауға алынған.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаментінің бақылауында», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Осыған байланысты полиция жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, жол қозғалысы ережелері мен бағдаршам талаптарын қатаң сақтауды ескертті.