Әлеумет

Шымкентте блогер АСКО 4,5 жылға сотталды

Шымкентте Instagram желісінде «Аско Аско» атымен танымал блогер Асхат Балқыбаев 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол бопсалау және алаяқтық жасады деп танылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Шымкентте Instagram желісінде «Аско Аско» атымен танымал блогер Асхат Балқыбаев 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол бопсалау және алаяқтық жасады деп танылды.

Іс бойынша блогермен бірге тағы екі адам – Ахмадали Сейдахметов пен Әлихан Серік те сотталған. Үшеуіне де 4 жыл 6 ай түрме жазасы тағайындалған.

Блогер әлеуметтік желіде полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілердің әрекетін сынаған бейнежазбаларымен танылған. Оның Instagram парақшасына шамамен 150 мың адам жазылған.

Асхат Балқыбаев 2026 жылғы шілдеде Шымкентте ұсталған. Сол кезде Ішкі істер министрлігі кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерден ақша бопсалады деген күдікпен бір топ адамның әрекеті тоқтатылғанын хабарлаған.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер шенеуніктер мен кәсіпкерлердің заңбұзушылықтарын түсіріп, кейін сол бейнежазбаларды қысым көрсету құралы ретінде пайдаланған. Олар әлеуметтік желіде әшкерелейтін материалдарды жарияламау үшін ақша талап еткен деген күдікке ілінген.

Кейін іс бойынша бопсалаумен қатар алаяқтық бабы да қосылған.