Тоқаев орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін ауыстырды
Мемлекет басшысының жарлығымен екі адам Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды;
Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Президенттің Жарлығымен 2 адам Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.