Саясат

Мәслихат сайлауына жеті партия қатысады: 3 447 депутаттық мандат сарапқа салынады

Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына жеті саяси партия қатысады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулылар қабылдаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына жеті саяси партия қатысады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулылар қабылдаған.

Сайлауға қатысуға мына партиялар жіберілді:

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;

«Ауыл» партиясы;

«Әділет» партиясы;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;

Қазақстан халық партиясы;

«Respublica» партиясы.

Алдағы сайлауда қазақстандықтар еліміздің барлық деңгейдегі 228 мәслихатындағы 3 447 депутаттық мандаттың иелерін таңдайды.

Оның ішінде:

20 облыстық мәслихатта – 668 мандат;

38 қалалық мәслихатта – 626 мандат;

170 аудандық мәслихатта – 2 153 мандат сарапқа салынады.

Сайлау аралас жүйе бойынша өтеді. Яғни кандидаттар партиялық тізіммен де, бірмандатты аумақтық сайлау округтері арқылы да депутаттыққа түсе алады. Бірмандатты округтерде өзін-өзі ұсынуға да мүмкіндік бар.

Сайланған депутаттар бес жыл бойы өз өңірлерінің тұрғындарының мүддесін қорғайды.

Еске салайық, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашада өтеді. Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.