"Күйеуімнің көңілдесі абысыным болды": келіншек отбасындағы сұмдықты жайып салды
Әлеуметтік желіде психолог ретінде танылған Ақмарал Орынбаева оқырман хатын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Оның айтуынша, күйеуінің көңілдесі қайын ағасына тұрмысқа шыққан.
"Қайын ағам үйленді дегенде қатты қуандық. Беташардан соң талып қала жаздадым. Бірден күйеуіме қарасам, сұрланып төмен қарап тұр. Осы әйел үшін отбаын ойрандай жаздап еді. Біз Алматыда тұрамыз. Ал ата-енем Қарағандыда тұрады. Біз беташарға үлгеріп барып келдік. Енем қуанып жүр, атам мәз. Қайын ағам да, бірақ олар баласының, інісінің қойнында жатқан әйел келін болғанын білмеді. Біз беташардан соң қайтып кеттік. Ішімдегі жара қайта ашылып кеткендей", - деп жазған оқырман.