18 жастағы бойжеткен анасы қайтыс болған соң сұмдық жағдайға тап болған
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға анасы қайтыс болғаннан кейін баспанасыз қалғанын айтқан қыздан хат келген. Хат авторының сөзінше, анасы өмірден өткен соң оның туыстары үйі мен көлігін иемденіп, өзін үйден шығарып жіберген. Енді ол анасының үйін қайтару үшін не істеуге болатынын сұрап отыр., деп хабарлайды buginmedia.kz.
Хат авторының айтуынша, анасы қайтыс болған кезде өзі небәрі 18 жаста болған. Әкесін көрмеген, кім екенін де білмейді. Бауырлары жоқ болғандықтан, жақын туысы ретінде анасы ғана болған.
Анасы өмірден өткен соң оның туыстары марқұмның үйі мен көлігін өз аттарына рәсімдеп алған. Ал қыздың сөзінше, оны үйден қуып жіберген.
«Анам мен 18 жасымда қайтыс болды. Үйде жалғызбын. Бауырларым жоқ. Әкемді көрмегем, кім екенін де білмеймін. Анам қайтыс бола салысымен оның туыстары үйі мен көлігін алып қойды. Мені үйден қуып жіберді. Үйді өз аттарына жазып алған. Не істесем болады? Үйді қалай қайтарсам болады? Адвокат жалдасам, ала аламын ба? Үйді қайтарғым келеді. Бірақ олар мені кішкентай, заңды білмейді деп ойлайды», – деп жазған хат авторы.