Әлемде

Тоғыз адам мінген ұшақ апатқа ұшырап, барлығы қаза тапты

АҚШ-тың Флорида штатындағы Гринейкрс қаласында Learjet 60 жеке ұшағы жылжымалы үйлер орналасқан елді мекенге құлады. Апат орнында өрт шығып, үйлердің үстін қою қара түтін басқан. Тоғыз адам қаза тапқан. Бұл туралы New York Post басылымы хабарлады., деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ұшақ Техас штатындағы Остин қаласынан Багам аралдарына бағыт алған. АҚШ Федералдық авиация басқармасының мәліметінше, бортта тоғыз адам болған.

Құлау алдында Learjet 60 ағашқа соғылып, электр желілерін үзіп кеткен. Кейін тұрғын үй тіркемелерінің біріне барып соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, кемінде бір жылжымалы үй толықтай қираған.

BocaNewsNow басылымының жазуынша, ұшақ апатқа дейін күрт оңға бұрылып, шамамен 2,4 мың метр биіктіктен жылдам төмендей бастаған.