Бес өңірде жол жабылды
Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарлануда, деп хабарлады buginmedia.kz.
"ҚазАвтоЖолдың" хабарлауынша, 18-19.00-дегі жағдай бойынша 5 өңірде жолдар жабылады.
- 2024 жылғы 6 қарашада сағат 18:00-де Жамбыл облысында республикалық маңызы бар А-2 “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 6 қарашада сағат 18:00-де Түркістан облысында республикалық маңызы бар А-2 “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына;
- 2024 жылғы 6 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында республикалық маңызы бар А-16 “Жезқазған-Петропавл” автожолының 339-377 шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 6 қарашада сағат 19:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар А-16 “Жезқазған-Петропавл” автожолының 377-440 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына.
2024 жылғы 6 қарашада сағат 19:00-де Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар “Самара-Шымкент” автожолының 965-1153 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.