Саясат

Тоқаев Қазақстанның Марокко мен Кубадағы жаңа елшілерін тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Марокко Корольдігі мен Куба Республикасындағы жаңа төтенше және өкілетті елшілерін тағайындады. Кубадағы бұрынғы елші қызметінен босатылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Мемлекет басшысының жарлықтарына сәйкес, Айнұр Нұрланқызы Даненова Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Ал Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстанның Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне кірісті.

Сондай-ақ Президенттің жарлығымен Андриан Қопмағамбетұлы Елемесов Қазақстанның Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Жаңа тағайындаулар туралы жарлықтар 2026 жылғы 31 қазанда жарияланды.