Аймақ

Қазақстанның оңтүстігінде күн 22 градусқа дейін жылынады

31 қазанда Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауа райы жылы болады. Ал солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі температура нөлден төмен түседі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамында айтылған,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Күндіз ең жоғары температура Шымкентте тіркеледі. Мұнда ауа +20…+22°C-қа дейін жылынады. Түркістанда +19…+21°C, Ақтауда +18…+20°C, Атырау мен Қызылордада +16…+18°C болады.

Қалалардағы ауа райы

Астанада жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде -1…-3°C, күндіз +9…+11°C болады. Алматыда түнгі температура +1…+3°C, күндіз +12…+14°C шамасында сақталады.

Ақтауда жаңбыр жауады. Мұнда ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C болады. Ақтөбеде жауын-шашынсыз, түнде -1…-3°C, күндіз +13…+15°C. Атырауда түнде +3…+5°C, күндіз +16…+18°C күтіледі.

Жезқазғанда ауа температурасы түнде -2…-4°C-қа дейін төмендеп, күндіз +10…+12°C болады. Көкшетауда түнде 0…+2°C, күндіз +8…+10°C, Қарағандыда түнде -2…-4°C, күндіз +6…+8°C болжанып отыр.

Қонаевта күндіз +12…+14°C, Қостанайда +11…+13°C болады. Қызылордада түнде +1…+3°C, күндіз +16…+18°C-қа дейін жылынады.

Оралда түнде -2…-4°C болғанымен, күндіз ауа +15…+17°C-қа дейін көтеріледі. Өскеменде күндіз +2…+4°C, Павлодарда +7…+9°C, Петропавлда +8…+10°C болады.

Семейде түнде 0…+2°C, күндіз +5…+7°C күтіледі. Талдықорғанда түнде -6…-8°C-қа дейін суытады, алайда күндіз +13…+15°C болады. Таразда ауа температурасы +14…+16°C шамасында сақталады.

Жалпы, оңтүстік қалаларда күн жылы болғанымен, шығыс пен орталық өңірлерде түнгі аяз сезіледі.