18 жасында алып қашып кетіп, екі-үш күннен кейін үйіне әкеліп тастаған
Құқықы қорқаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында оқырманынан келген хатпен бөлісті. Хат авторы медреседе оқыған таныс әйелдің басынан өткен оқиғаны баяндаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Оқырманның айтуынша, оның сыныптасының әпкесі қазір 76 жаста. Ол жас кезінде медреседе оқыған. Ұзын орамал тағып, ұзын көйлек пен жилетка киіп жүретін. Қыздар оған қызыға қарайтын болған.
Алайда шамамен 18 жасында оны біреулер алып қашып кеткен. Екі-үш күннен кейін үйіне қайта әкеліп, «қыз емес» деп айтқан.
Хат авторы ол әйелдің өте момын, сабырлы болғанын жазады. Кейін тұрмысқа шығып, отбасын құрған. Қазір балалары өсіп, өзі құдағи атанған.
Сондай-ақ оқырман 1990-жылдары медреселер ашыла бастаған кезде тақия киген адамдардың қазақ мектептеріне келіп, қыздарды оқуға шақырғанын еске алған. Бірақ олардың ұл балаларды да оқуға шақырған-шақырмағаны есінде жоқ.
Бұған дейін жігіт 2 жыл жүрген қызын үйленуге бір апта қалғанда алып қашып кеткенін айтып хат жазған.