Шоу-Бизнес

"Еркек көп әйелге ұнауы мүмкін": Төреғали Төреәлі әйел туралы тосын жазба жариялады

Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде ер мен әйел арасындағы қарым-қатынасқа қатысты екі түрлі жазба жариялады. Оның ойларының ішінде әйелді ақшаға толы чемоданмен салыстырған теңеуі де бар, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алғашқы жазбасында әнші ер адамның көпшілікке ұнауы мен бір әйелдің жүрегінен орын алудың екі бөлек нәрсе екенін айтқан.

«Еркек көп әйелге ұнауы мүмкін, бірақ бір әйелдің жүрегінен орын алуы – басқа мәртебе», – деп жазды Төреғали.

Бұдан бөлек, ол әйел мен чемоданға қатысты әзілге ұқсас теңеуін де бөлісті.

«Әйел деген – ақшаға толы чемодан сияқты: ұстап жүрейін десең, ауыр, тастап кетейін десең, қимайсың», – деген ол.

Бұған дейін әнші Төреғали Төреәлінің жастық шақ туралы жазбасы қызу талқыға түсті.