Әйелінен таяқ жеген ер адам 10 тәулікке қамауға алдынды
Алматыда бұрынғы әйелінің соққысына жығылған ер адам полицияға арыз түсіргенімен, ісі ұзақ уақыт бойы қаралмаған. Бұл туралы buginmedia.kz EGOV.PRESS Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Ер адам бұрынғы әйелінің өзіне күш қолданғанын видеоға түсіріп, құқық қорғау органдарына жүгінген. Алайда оның арызы бойынша істің қаралуы созылып, мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмеген.
Кейін бұрынғы әйелі полиция шақырған кезде жағдай өзгерген. Ер адам жедел түрде ұсталып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.
Оқиғаның толық мән-жайы, ер адамның қандай құқық бұзушылық үшін жазаланғаны және оның алғашқы арызы бойынша полиция қандай шара қабылдағаны әзірге белгісіз. Құзырлы органдар тарапынан ресми түсініктеме жарияланбаған.