Шоу-Бизнес

"Бірінші некеден тоғыз жыл бұрын екі жаққа кеттік": Олжас Абай жеке өмірі туралы айтты

Танымал актер Олжас Абай жары Дариға Бадықованы жақтап, әлеуметтік желіде оны сынағандарға үн қатты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Актер әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, көпшілікті Дариға Бадықоваға қатысты жағымсыз пікірлер жазбауға шақырды.

«Енді менің жанымдағы кісіні біреу ренжітсе, маған ренжімесін... Жаман сөз жазып, табалай бермеңдер. Ешкім ешкімді бала-шағасынан ажыратқан жоқ. Бірінші некеден тоғыз жыл бұрын екі жақтың келісімімен кеткен адамдармыз. Ол кезде Дариғаны танымаймын да. Осы тақырып жабылсын... Бақыт тілеп жатқан жандар, сіздерді өнермен талай қуантамыз», – деп жазды Олжас Абай.

Сондай-ақ актер жарына қолдау білдіріп, оған уайымдамауға кеңес берген.

«Уайымдама, жартым, шайқаймыз, көресің», – деп жазды ол.