Павлодар мен Петропавлды Ресейге қосуды ұсынған ер адамның видеосы тарады
Қазақстанның әлеуметтік желілерінде өзін Дима Петренко деп таныстырған ер адамның видеосы тарады. Ол Павлодар мен Петропавл қалаларын Ресейдің қалалары деп атап, оларды Ресейге қосуды ұсынған., деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бұл видео Екібастұз тұрғыны Ольга Мұхамеджанованың ұсталғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін жарияланды. Бұған дейін есірткі сатқаны үшін сотталған әйелдің Ресей әскерін Қазақстанға кіргізуге шақырған үндеуі әлеуметтік желілерде тарағаны хабарланған болатын. Осы оқиғадан кейін оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстағаны айтылды.
Ал өзін Дима Петренко деп таныстырған ер адамның видеосы желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Кейбір қолданушылар құқық қорғау органдарынан оның мәлімдемелерін тексеріп, заң аясында баға беруді талап етіп жатыр.
Әзірге ер адамның жеке басы, видеодағы мәлімдемелеріне байланысты тексеру басталған-басталмағаны туралы ресми ақпарат жоқ.