Шоу-Бизнес

Айгүл Иманбаеваның төбелескен видеосы тарады (ВИДЕО)

Желіде әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның жас актерлерге сахналық төбелес тәсілдерін үйретіп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бейнежазбада өнер иесінің жастарға актерлік шеберлік аясында сахналық қозғалыс элементтерін көрсетіп жатқаны көрінеді.

«Актерлік шеберлікте сахна қозғалысының осындай элементтері ауадай қажет болады. Вокал, би, актерлік шеберлік және сахна тілі бағыттары бойынша кәсіби білім алып, сахна тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік бар», – делінген видео сипаттамасында.

Сондай-ақ Айгүл Иманбаева жас өнерпаздарға сахнада серіктесіне қол тигізбей-ақ шапалақпен ұрғандай әсер қалдыру әдісін түсіндірді.

«Шапалақтың тиюін ойнатасың. Бірақ техникалық тұрғыдан менің қолым саған тимейді. Серіктесіңді сезіну маңызды. Сенің абайсызда ұратыныңды көрермен білмеуі керек», – деді актриса.