«Жастық шақ біздің өтті ішіп»: Төреғали Төреәлінің жаңа жазбасы қызу талқыланды
Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі жаңа жазбасымен көпшіліктің назарын аударды. Өнер иесі Threads парақшасында ақын Есенқұл Жақыпбектің өлеңінен үзінді жариялаған. Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Әнші жариялаған өлең жолдарында жастық шақ, өткен өмір және адамның уақыт өте келе өзгеруі туралы ой қозғалады. Өлеңнің мазмұны әзіл мен өкінішті ұштастырады.
«Жастық шақ біздің өтті ішіп,
Жұрт ұқсап жөндеп іше алмай.
Түспейтін көзге көп түсіп,
Түсетін көзге түсе алмайОтырмыз енді көт қысып,
Ұшайын десе ұша алмай», – делінген жазбада.
Төреғали Төреәлі бұл өлеңді не себепті жариялағанын нақты түсіндірмеген.
Желі қолданушылары не дейді?
Әншінің жазбасы әлеуметтік желіде түрлі пікір туғызды. Бірі жарияланымға әзілмен қараса, енді бірі өнер иесінің соңғы жазбаларына қатысты сын айтты.
«Біреу телефонын тартып алатын адам бар ма?», «Күз ешкімді аямады», «Оған не болған?», «Өз қадірін жоғалтып барады» деген пікірлер жазылған.
Бұған дейін де жазбалары талқыланған
Төреғали Төреәлінің бұған дейінгі әлеуметтік желідегі жазбалары да жұрт назарынан тыс қалмаған. Әсіресе, ер мен әйелдің қарым-қатынасына қатысты айтқан сөздері қызу пікірталасқа себеп болған.
Оның «Әйел шешінбей мәселе шешілмейді» және «Алдымен төсек тербеледі, содан кейін бесік тербеледі» деген сөздері де әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды.
Әншінің бұл жолғы жазбасы да көпшіліктің әртүрлі реакциясын тудырды.