Аймақ

Қазақстанда түнде үсік жүріп, күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріледі

Қазақстанда 29 қазанда ауа райы құбылмалы болады. Елдің батысында жауын-шашынсыз күн райы күтілсе, солтүстік пен шығыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында жауын-шашын болжанады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмендейді.

Күндіз солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы +0…+10 градус аралығында болады. Ал елдің батысы мен оңтүстігінде күн жылынып, ауа температурасы +17…+22 градусқа дейін көтеріледі.

Батыс өңірлерде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, жайлы күзгі ауа райы сақталады. Ал солтүстік пен шығыста және оңтүстіктің таулы аудандарында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын түсуі мүмкін.