«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 6-7 қараша күндері қатты жел соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с болады деп болжанып отыр.
Осыған байланысты Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмау маңызды;
егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісті немесе дүкенді паналаңыз;
үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.