Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова отбасылық қуаныштарын айтып, сүйінші сұрады
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау кино әлемінде дебют жасады. Ол «Шымыр» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бұл туралы Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, қызы бұған дейін де бірнеше жобада бой көрсеткен. Алайда бұл жолы басты кейіпкерлердің бірін сомдағандықтан, анасы мен әкесі ерекше қобалжыған.
«Биыл Алаука @shymyr.film фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Әрине, бұған дейін де бірнеше жобада бой көрсеткен. Бұл жолы басты кейіпкерлердің бірін ойнағандықтан, әкесі де, мен де қобалжыдық», – деп жазды актриса.
Сондай-ақ ол оқырмандарын фильмді кинотеатрдан көріп, өз бағаларын беруге шақырды.
«Шымыр» фильмі 29 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.