Әлеумет

Тоқаев 2027 жылды Құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, келесі жылы еліміздің барлық өңірінде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салу және жөндеу жұмыстары басталуға тиіс.

«Келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынамын. Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісуіміз керек», – деді Президент.

Жоспарға жолдар, әуежайлар, вокзалдар мен денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысы кіреді. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтарын салу көзделген.

Бұдан бөлек, елді мекендерде шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар мен ғылыми орталықтар бой көтермек.