17 жыл бойы құлдықта болған Құндыз блогерді шақырып алып, сезімін білдірді
Түркістан облысында 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілердің кішісі Құндыз жағдайын білуге барған танымал блогерге сезімін білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қазақстандық блогер Ілияс Сариев жаңа қамқоршысымен бірге Таразда тұрып жатқан Құндыз бен Назгүлдің жағдайын көруге барған. Блогер Алматыға қайтатын кезінде апалы-сіңлінің кенжесі Құндыз бата береді.
"Ілияс аға, келе беріңіз. Тойға да келе беріңіз. Менің туған күніме келіңіз. Қашан келесіз? Жазда келіңіз. Ауырмаңыз. Аман болыңыз. Бақытты болыңыз", - дейді Құндыз.
Содан соң Құндыз блогерді жеке шақырып, сезімін білдіреді.
Бұған қатысты блогер де жазба жариялады.
"Тараз қаласына Назгүл мен Құндызға арнайы келдім! Қазіргі жағдайлары өте керемет, баяғы кездеріне қарағанда нәтиже бар. Маған Құндыз өз сезімін білдіріп, ғашық екенін айтты. Сезімін білдіре алатындай жақсы нәтиже бар екеніне қуандым", - деп жазған ол.