Екібастұз тұрғыны Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұрады
Екібастұз тұрғыны Ольга Мұхаммеджанова әлеуметтік желіде дау тудырды. Ол Ресей президенті Владимир Путиннен Қазақстанға әскер кіргізіп, тәртіп орнатуды сұраған видео жариялаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Сондай-ақ ол Қазақстанда қазақтардың дауыс беруге құқығы жоқ екенін айтып, елдің иесі ресейліктер екенін ұқтыруды өтінген.
Желі қолданушылары құзырлы органдардан әйелді жауапқа тартуды талап етіп жатыр.
Әзірге Қазақстанның жауапты органдары бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.