"Әр нәрсенің шегі бар": Дариға Бадықова оқырмандарына ескерту жасады
Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өзін сынап, жағымсыз пікір жазатындарға үн қатты. Өнер иесі өзгенің өмірін талқылап, кемсітуге әуес адамдарға ескерту жасап, үнсіздігін әлсіздік деп қабылдамауды талап етті. , деп хабарлайды buginmedia.kz.
Актриса Instagram парақшасында өз өміріне көңілі толмай, өзгелерге жағымсыз пікір жазатын адамдарға қарата жазба жариялады. Оның сөзінше, ешкім өзінің де, балаларының да болашағына толық кепілдік бере алмайды.
«Бүгін біреудің өмірін табалап, ертең өз бастарыңа не келетінін білмейсіңдер. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңның ертеңгі тағдыры қандай боларын да білмейсіңдер. Ешкім баласының болашағына, денсаулығына, бақытына кепілдік бере алмайды. Сондықтан өзгенің тағдырын талқыламас бұрын, осыны бір ойланыңдар!» – деп жазды ол.
Бадықованың айтуынша, өзі мен жұбайы өзгенің өміріне араласпай, өз тіршілігімен айналысады. Осыған байланысты актриса желі қолданушыларын біреуді сынаудың орнына өзін дамытуға шақырды.
«Менің үндемегенімді әлсіздікке, тәрбиемді қорқақтыққа баламаңдар. Үндемегенге үдемеңдер. Әр нәрсенің шегі бар! Ұнамай ма? Қарама! Жақпай ма? Жазылма! Көргің келмей ме? Парақшама кірме! Мен ешкімді өз өмірімді көруге мәжбүрлеп отырған жоқпын», – деп жазды Дариға Бадықова.
Айта кетейік, Дариға Бадықова мен Олжас Абай бал айын Қатарда өткізіп жатыр. Жас жұбайлар Доха қаласындағы Ritz-Carlton қонақүйінде демалып жүр.