Шоу-Бизнес

«Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов үйленді

«Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов шаңырақ көтеріп, дүркіретіп той жасап жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әншінің қуанышты жаңалығын топтағы әріптесі Бағлан Әбдірайымов бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында тойдан видео жариялап, онда Мырзахан Маханов пен қалыңдығының қуанышты сәттері көрсетілген.

«Бүгін жігіттерде той», – деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Желі қолданушылары әншінің үйлену тойына қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі оның бұған дейін отбасын құрып, кейін ажырасқанын айтса, енді бірі жас жұбайларға ақ тілегін арнаған. Қалыңдықтың сұлулығына сүйсінгендер де бар. Ал кейбір қыз-келіншектер әншінің үйленбегенін білмегендерін айтып, әзіл аралас өкініштерін жеткізген.

Айта кетейік, «Жігіттер» тобы 2003 жылы құрылған. Өнер ұжымының құрамында Айдар Тұрғамбек, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов бар. Топ осы уақытқа дейін 80-ге жуық ән шығарып, онға жуық бейнебаян түсірген.