Әлеумет

"Олардың аузы ине-жіппен тігулі тұрды": көріпкел қайтыс болған 14 сарбаз туралы айтты

Көріпкел Ақгүл Есетқызы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Ақтауда болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ол бұл жағдайды алдын ала сезген, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Сұхбат барысында Ақгүл Есетқызы түсінде қаза тапқан сарбаздарды көргенін, олардың өзінен көмек сұрап келгенін айтты.

«Өлген сарбаздар келіп менен көмек сұрады. Қатты тоңды, үстілеріне құрғақ орамал жапқым келді. Үстері малмандай су. Мен бұл әңгімені еш жерге жазған жоқпын. Адамдар қорықпасын дедім. Олардың аузы ине-жіппен тігулі тұрды», – деді ол.

Көріпкелдің сөзінше, түсінде көрген сарбаздар өздерінің қайтыс болғанын түсінбеген. Ол марқұмдардың қатты тоңып, дірілдеп тұрғанын да баяндаған.

«Тірілер мен өлілер әлемінде заңдылық бар. Оларды естисің, бірақ сөйлесе алмайсың. Олар өздерінің өліп қалғанын да түсініп тұрған жоқ. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар қайталанады», – деді Ақгүл Есетқызы.

Айта кетейік, көріпкелдің бұл әңгімесі журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтылған. Оның оқиғаны алдын ала болжағаны туралы сөздері – сұхбат кейіпкерінің жеке мәлімдемесі.