Қазақстандық белгілі адвокат қайтыс болды
Қазақстандық танымал заңгер, адвокат Ғабит Өмірбек қайтыс болды. Қайғылы хабарды журналист Ирина Советжанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, заңгердің қайтыс болғанын жақындары хабарлаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Журналист Ғабит Өмірбектің қазасына байланысты көңіл айтып, оның кәсіби біліктілігі мен адамгершілік қасиеттерін еске алды.
«Құдайым-ай, сене алар емеспін. Ғабит досымыздан айырылып қалдық. Жаңа ғана әпкесі хабарласып айтты. Жап-жас еді, қаншама арман-мақсаты бар еді. Ол батыл заңгер, мықты маман, өте жақсы азамат еді. Сюжеттерімнің қаншама кейіпкеріне тегін көмек көрсетіп, “Қандай көмек керек?” деп жанашырлық танытып жүгіріп жүретін өте жақсы адам еді», – деп жазды журналист.
Ғабит Өмірбек қоғам назарын аударған істерде азаматтардың құқығын қорғауымен танылған. Ол халықаралық заңгер, адвокат әрі құқық қорғаушы ретінде қызмет атқарып, «Құрметті заңгер» атағына ие болған.