Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы рөліне тоқталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Мемлекет басшысы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегіне әділ баға беру қажеттігін айтты.
«Біз тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беруіміз керек. Сондықтан Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі, бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.