Әлемде

Эротикалық іш киім дүкені дұғамен ашылып, салтанатқа қала әкімі де қатысқан

Түркияның Чорум провинциясындағы Аладжа ауданында іш киім дүкенінің ашылу салтанаты қоғамда қызу талқыға түсті. Рәсімге шақырылған дін қызметкері дұға оқығаннан кейін қонақтар дүкеннің лентасын қиған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып, сынға ұшырады. Консервативті бағыттағы Yeni Akit газеті эротикалық іш киім сататын дүкеннің ашылуына шенеуніктер мен дін қызметкерінің қатысуын айыптап, мұны «ұят жағдай, масқара» деп бағалады.

Ал қала әкімі сынға таңданыс білдіріп, олардың кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ғана келгенін айтты. «Іш киімді бәрі бірдей кимей ме?» деп пікір білдірді ол.

Кейін дін қызметкерінің зейнеткер екені белгілі болды. Әкім Шериф Арслан салтанатты рәсім кезінде оны «тым әсірелеп жібергенін» мойындады.