Әлеумет

Шымкентте кәсіпкерді қорқытып, 5 млн теңге алып жатқан жерінен екі адам ұсталды

Шымкентте кәсіпкерден 10 млн теңге талап етіп, өзін және жүк көлігін өртеп жібереміз деп қорқытты деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Almaty.tv мәліметінше, оқиға қалалық базарлардың бірінде болған. Ет тасымалдау кезінде тауар бүлініп, тараптар арасында дау туған. Алайда мәселені заңды жолмен шешудің орнына, күдіктілер кәсіпкерден қомақты ақша талап етіп, қоқан-лоқы көрсеткен.

Полиция мәліметінше, күдіктілер талап етілген соманың 5 млн теңгесін алып жатқан жерінен ұсталған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша «Өз бетінше билік ету» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.